» » МӘМС: сұрақтарға жауаптар

МӘМС: сұрақтарға жауаптар


МӘМС жүйесіне қатысты оқырмандардың сұрақтарына жауап беруді жалғастырамыз. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова түсініктеме берді.
Егер жеке кәсіпкер жеңілдік санатына кіретін болса, МӘМС жарналарын төлеу қажет пе?
Жеке кәсіпкер өзі немесе оның жалдамалы қызметкерлері келесі санаттарда болған жағдайда жарналар мен аударымдарды төлемейді: балалар (18 жасқа дейінгі); зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; мүгедектер; орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар.
Егер пациент ауруханаға жатқызылған күні стационарға келе алмаса не істеу керек?
Жоспарлы емдеуге жатқызудың белгіленген күні стационарға келмеген жағдайда пациент бұл туралы бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына немесе емдеуге жіберілген денсаулық сақтау ұйымына хабарлайды. Стационар ауруханаға жатқызуды екі күннен аспайтын мерзімге ауыстырады.
Қандай жағдайларда пациент тіркелу үшін емхананы таңдауға құқылы?
Жыл сайын елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емхананы еркін таңдау науқаны өтеді.
ҚР ДСМ 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, БМСК ұйымын тіркеу науқанынан тыс бірнеше жағдайда ауыстыруға болады. Егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмыс немесе оқу орнын  ауыстырған жағдайда, басқа елді мекенге көшкен болса немесе ол тұрған емхана қайта ұйымдастырылса, жойылса және басқа да жағдайларда емхананы ауыстыруға құқылы.
Сонымен қатар, бұл рәсімді жылына бір рет еркін таңдау құқығымен жасауға болады. Емхана үйден 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасқаны жөн.
Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникасындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады: Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы; fms.kz ресми сайты; Telegram-дағы @SaqtandyrýBot; 1414 байланыс орталығы
27 мамыр 2024 ж. 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031