» » Жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс берушілер МӘМС төлемдері туралы не білуі керек?

Жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс берушілер МӘМС төлемдері туралы не білуі керек?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы МӘМС төлемдерін жүзеге асыру кезінде жұмыс берушілер мен қызметкерлер қандай қырларына назар аудару керектігін хабарлайды.
Бас сарапшы Айгүл Аханованың айтуынша, жұмыс беруші қызметкерді МӘМС үшін жарналар мен аударымдар туралы хабардар етуі тиіс.
Қызметкерге төлемнің екі түрі түседі:
аударымдар - оларды жұмыс беруші өз қаражаты есебінен төлейді - 2023 жылы оның мөлшері қызметкер жалақысының 3% құрайды. Аударымдардың максималды мөлшері 10 ЕТЖ-дан 3% - дан аспауы керек (3%*10*70 000=21 000 теңге);
жарналар - оларды жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан ұстайды, олар қызметкердің жалақысының 2% құрайды. Аударымдардың ең жоғары мөлшері 10 еселенген ЕТЖ - 2% (2%*10*70 000=14 000 теңге).
Егер қызметкер МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін 6 жеңілдікті санаттың біріне кірсе, онда жұмыс беруші олар үшін аударымдар мен жарналарды төлемейді.
Бұл санаттар: балалар; зейнетақы жарналарын алушылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; мүгедектер; орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар; жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыстағы адамдар.
Егер тағы сұрақтар туындап жатса, сіз оларды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандарына байланыс арналары арқылы сұрай аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Осы құралдар арқылы сақтандыру мәртебесін тексеруге болады. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің сайтында egov.kz "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат" мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.
15 наурыз 2023 ж. 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 228

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 333

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930