» » Жаңбыр жауып, арты қарға ұласады: Алдағы күндерге ауа райы болжамы жарияланды

Жаңбыр жауып, арты қарға ұласады: Алдағы күндерге ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан аумағы бойынша 23-25 мамырға ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдағы күндері солтүстік аймақтарда жаңбырдың қарға ауысуы және температураның төмендеуі байқалады.
Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде қолайсыз ауа-райы сақталады. Атмосфералық фронт әсерінен еліміздің барлық дерлік аймағында найзағай, бұршақ және екпінді желмен жаңбыр жауады. 24-25 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 25 мамырда орталықта жауын-шашын болып, қарға ауысады. Кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады. Тек кейбір күндері батыс және оңтүстік аймақтарда жоғары қысымның әсерінен жаңбырдың тоқтауы болжанады.
Республиканың батыс, солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарындағы Скандинавия түбегінің аудандарынан жоғары қысымды аймақтың енуімен түнгі және таңертеңгі сағаттарда 3 градусқа дейін үсік болады, күндізгі уақыттарда солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда 5-13 градус жылыға дейін төмендеуі болжанып отыр.
Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында оңтүстік-батыс ағындары температураның 20-30 градусқа дейін жоғарылауына себеп болады.
23 мамыр 2024 ж. 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930