» » Бұршақ және найзағай: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Бұршақ және найзағай: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

13 мамырда синоптиктер болжамы бойынша, еліміздің барлық аумағында дерлік жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Қазгидромет кейбір өңірлерде жоғары өрт қаупі бар екенін ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысында – найзағай, бұршақ, нөсер күтіледі.
Алматы облысында – таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Ұлытау облысында – найзағай күтіледі. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында – желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында – күндіз найзағай ойнап, бұршақ, нөсер жаууы мүмкін. Облыстың шеткі оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында – найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында – тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында – желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысыда – Түркістан облысының шөлейт аймақтарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында – найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында - қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Күндіз найзағай ойнайды.
Қызылорда облысында – найзағай күтіледі. Облыстың батысында – Қазалы ауданында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында – найзағай күтіледі. Облыстың батысында әлі де жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында – оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысында – күн күркіреп, күндіз найзағай ойнайды, облыстың шығысында және оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада – екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады.
13 мамыр 2024 ж. 429 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930