Қазақстанның 10 облысында дауылды ескертулер жарияланды
Қазгидромет алдағы күндерге Алматы мен 10 облыста дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
15 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
15-16 тамызда Алматы облысында кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Найзағай кезінде солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында күндіз 15-17 тамызда оңтүстікте, 18-20 тамызда елді-мекеннің басым бөлігінде 40-41 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі сақталады.
16-20 тамызда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі сақталады.
15-16 тамызда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Өрт қаупі сақталады.
15 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысында оңтүстікте қатты ыстық 37 градусқа дейін сақталады. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соққан жел кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
15 тамызда Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. 15 тамызда солтүстік-шығыстан соққан жел кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында 15-16 тамызда солтүстік-шығыстан кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен шаңды дауыл күтіледі. Өрт қаупі сақталады.
15 тамызда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. 18-20 тамызда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.
15 тамызда Түркістан облысында кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтілуде. Өрт қаупі сақталады.












