» » Еліміздің төрт облысында 3 градусқа дейін үсік жүреді — Қазгидромет

Еліміздің төрт облысында 3 градусқа дейін үсік жүреді — Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 11-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады.
Республикамыздың батысы, солтүстік-батысы, солтүстігінде антициклон жотасының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы, шығысында дауыл тұрады, батысы, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде 1-3 градус үсік жүреді.
Қарағанды облысыныңбатысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының батысында, орталығында өрт қауіпі сақталады, Атырау облысының батысында да өрт қауіпі сақталады. Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
kaz.inform.kz
11 мамыр 2024 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 707
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031