» » Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 3 мамырда елдің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік болады. 03 мамырда облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, онтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Сілтемесіз жаңа
03 мамыр 2024 ж. 233 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 341

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 424

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930