» » Қазақстанның бірнеше өңірінде өрт қаупі сақталады

Қазақстанның бірнеше өңірінде өрт қаупі сақталады

Қазақстанның бірнеше өңірінде өрт қаупі сақталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астана қаласында 16 шілдеде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метр. 16 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

16 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні секундына 23 метр. 16 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 16 шілдеде түнде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

16 шілдеде түнде Атырау облысының солтүстігінде, батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай, қатты дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз кей уақыттарда екпіні секундына 23-28 метр. 16 шілдеде облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 16 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундына 23 метр.

16 шілдеде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. 16 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 16 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

16 шілдеде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 16 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Кокшетау қаласында 16 шілдеде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

16 шілдеде Абай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. 16 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қаласында 16 шілдеде күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. 16 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

16 шілдеде күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. 16 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 16 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 16 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

16 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. 16 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қаласында 16 шілдеде күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. 16 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

16 шілдеде түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. 16 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

16 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. 16 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Петропавл қаласында 16 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

16 шілдеде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында батыстан жел соғады, күші 17-22, екпіні 28 м/с күтіледі.

16 шілдеде Павлодар облысының солтүтігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 23 метр. 16 шілдеде Павлодар облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында 16 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз секундына 15-20 метр. 16 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

16 шілдеде түнде Ақтөбе облысының солтүстік жартысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. 16-17 шілдеде облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қаласында 16 шілдеде найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 16 метр.

16 шілдеде таңертең және күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метр күтіледі. 16 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 16 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. 16 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

16 шілдеде Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші секундына 15-20 метр күтіледі. 16-17 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 16-17 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

16 шілдеде Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр. 16-18 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 16-18 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады Түркістан қаласында 16-18 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

massaget.kz​​​
16 шілде 2023 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 133

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930