» » Қазақстанда қаламгерлерге жаңа кітабы үшін грант беріледі

Қазақстанда қаламгерлерге жаңа кітабы үшін грант беріледі

Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова депутаттарға берген жауабында қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару жөніндегі қағидаларға өзгеріс енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Депутат Айдос Сарымның кітап оқу үрдісін дамыту жөнінде сауалында отандық кітап басып шығару ісін субсидиялау форматын өзгертуді ұсынған еді. Депутатқа берген жауабында Тамара Дүйсенова кітап ісінде қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қызметін Мәдениет және ақпарат министрлігі іске асыратынын жеткізеді. Оның аясында «Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларын» басшылыққа алады.
– Қазіргі таңда аталған қағидаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жаңа қағида бекітілгеннен кейін қаламгерлер қаламақы, қайта басып шығару бағыттарынан бөлек жаңа туындысын кітап ретінде басып шығарып, кітап дүкендеріне сатылымға қоюға грант алатын болады. Авторлық құқығы автордың өзінде қалады. Бұл қаламгерлер мен баспагерлерге елеулі қолдау болмақ, – дейді Дүйсенова.
Сауалда салық реформасы аясында кітап пен газет шығарушыларды 10 жыл мерзімге салықтан босату ұсынылған. Үкімет 2022 жылы авторларды, баспа және кітап сату мекемелерін қолдау мақсатымен кітап шығарғанда және сатқанда салынатын қосымша құн салығына (12%) жеңілдіктер енгізу мәселесі қаралғанын хабарлайды. Алайда бұл бастама қаржы және ұлттық экономика министрліктері тарапынан қолдау таппаған.
29 сәуір 2024 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 346

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 428

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930