» » "Алтын алқа, күміс алқа" төсбелгісі табысталды

"Алтын алқа, күміс алқа" төсбелгісі табысталды

Алдашбай Ахун ауылында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен көп балалы ана - Момынтай Күнсұлу – «Алтын алқа» және Байнаева Эльмира «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.
Алтын, Күміс алқа иегерлері мемлекетке және ауыл әкімі аппаратының көрсеткен ілтипаттарына алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі. «Президентімізге, Үкіметке мемлекетіміздің дамуына және Қазақстан демографиясының өсуіне барынша жағдай жасап жатқандары үшін алғысымды білдіремін», - деді көп балалы ана.
Айта кетейік, «Алтын алқа», «Күміс алқа» көп балалы аналарды марапаттайтын награда, алты, жеті немесе одан да көп баласы бар аналарға беріледі. 1995 жылы 12 желтоқсандағы №2676 санды «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» Заңымен бекітілді. Жібек бауға тағылған алқада алақанда аяланған сәбидің бейнесі және күн шапағы бейнеленіп, айшықты өрнекпен көмкерілген.
19 сәуір 2024 ж. 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 974
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 605

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930