» » «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды

«Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды

qarmaqshy-tany.kz Ағымдағы жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Төретам кентінің бірқатар көп балалы аналарына «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды.
Көп балалы аналар кентінің тұрғыны - Дәкібай Айша Жүсіпбекқызы – «Күміс алқа», Бағатаева Гүлсара Жантөреқызы – «Алтын алқа» төсбелгілерімен марапатталды. Марапаттау рәсімінде «Күміс алқа» иегері, 7 баланы тәрбиелеп өсірген Гүлсара Жантөреқызы мемлекетке және кент әкімі аппаратының көрсеткен ілтипаттарына алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі. «Президентімізге, Үкіметке мемлекетіміздің дамуы мен гүлденуіне және Қазақстан демографиясының өсуіне барынша жағдай жасап жатқандары үшін алғысымды білдіремін», - деді көп балалы ана.
Айта кетейік, «Алтын алқа», «Күміс алқа» көп балалы аналарды марапаттайтын награда алты, жеті немесе одан да көп баласы бар аналарға беріледі. 1995 жылы 12 желтоқсандағы  № 2676 санды «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» Заңымен бекітілді. Жібек бауға тағылған алқада алақанда аяланған сәбидің бейнесі және күн шапағы бейнеленіп, айшықты өрнекпен көмкерілген.

18 қараша 2022 ж. 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 318
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 188

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031