» » Құрметті демалысқа шығарып салды

Құрметті демалысқа шығарып салды

Жақында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастығы, полиция полковнигі Алтынбек Ахметовті құрметті демалысқа шығарып салу жиыны өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, Байқоңыр қаласы әкімшілігі Басшысының міндетін атқарушы Николай Адасев, қаладағы барлық мекеме басшылары қатысты.
Күрделі салада жауапты қызмет атқара жүріп елеулі еңбек еткен Алтынбек Меңдібайұлына облысымыздың және Қармақшы ауданының ең жоғары наградаларының бірі – Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың құттықтауы табысталды. Сондай-ақ полиция полковнигі Қасым Жорабекұлы Абуовке де ішкі істер органдарындағы өзінің мінсіз қызметін аяқтауына байланысты ұзақ жылдар бойғы адал қызметі үшін құттықтау адресаты табысталды. Жиынға қатысушылар А.Ахметов пен Қ.Абуовты ішкі істер органдарындағы қызметтерінің жемісті аяқталуымен құттықтап, игі тілектерін білдірді.
«ҚТ» ақпарат
10 сәуір 2024 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 629
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031