» » Құқық қызметкерлеріне құрмет

Құқық қызметкерлеріне құрмет

Байқоңыр қаласында Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті.

Жиында қызметтік борышын орындауға арнаған полиция қызметкерлерімен Абай облысында өртті сөндіру кезінде қаза тапқандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Содан соң, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастығы, полиция полковнигі Алтынбек Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды саралады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес қызметтік міндеттерін адал атқарған, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Өкілдіктің бір топ қызметкерлеріне арнайы атақ пен естелік төсбелгілер табыстады.

Одан әрі облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай сала ардагерлерін, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін мерекемен құттықтап, өкілдік басшысы Алтынбек Ахметовке облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың арнайы құттықтауын табыстады. Сондай-ақ ол өз сөзінде, Өкілдіктің «Байқоңыр» кешенінде Ресей Федерациясы ішкі істер басқармасымен екі жақты достықты нығайту және құқық қорғау саласындағы ыңтымақтастықты дамыту бойынша атқарған жұмыстарын ерекше атап өтті.

Мұнан соң, Өкілдіктің бірқатар қызметкерлері облыс әкімінің және ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің Алғыс хатымен марапатталды.
Шарада Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусигин мен Ресей Федерациясы құқық қорғау органдары және аэроғарыш өнеркәсібі кәсіпорындары басшылары өкілдік қызметкерлеріне мерекелік құттықтауларын арнап, жылы лебіздерін білдірді.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
10 шілде 2023 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 618
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930