» » Өңірде егін науқаны басталды

Өңірде егін науқаны басталды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2024 жылдың көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі қаралды.
Облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев көктемгі егінге әзірлік барысын баяндады.

– Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнім көлемін 5 жылда 2 есеге арттыру тапсырмасына сәйкес, облыста 187 мың гектар жерге дақылдар егіледі. Оның ішінде күріш көлемі – 83,9 мың гектар. Өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемін 6,4 мың гектарға, оның ішінде күрішті 5 мың гектарға азайттық. Орнына суды аз қажет ететін дақылдар егісін арттырамыз. Сырдария өзеніндегі су шаруашылығы жағдайы күрделі болғандықтан, су лимиті әлі белгіленбеген. Мемлекетаралық Су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 86-шы отырысында вегетация кезеңіне су лимиті белгіленгеннен кейін егіс көлемі қайта нақтыланатын болады. Бөлінген лимитке сәйкес күріш егісі әлі де қысқаруы мүмкін. Өңірде көктемгі егін егу жұмыстары наурыз айының 1-ші онкүндігінде басталды, мамырда аяқталады. Күріш сәуір айының 3-ші онкүндігінде себіле бастайды. Ерте егілетін дақылдар – жаңа жоңышқа, жаздық бидай, арпа, мақсары, қант құмайы жерге орналастырылуда. Бүгінгі күнге 16,5 мың гектары егілді, – деді аймақ басшысы.

Күріш мелиоративтік дақыл болғандықтан, атыздарда су үнемдеудің бірден-бір жолы – лазерлік тегістеу. Биыл күріш алқаптарының 70 пайызы лазермен тегістеледі. Бұл суды 20 пайызға дейін үнемдеуге және өнімділікті 30 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік бермек. Су тапшылығы жағдайында суды екінші рет қайта пайдалану үшін 351 су насосы дайын тұр. Кепілді өнім алудың алғашқы шарттарының бірі – тұқым және минералдық тыңайтқыштарды өз деңгейінде пайдалану. Тұқым дайындауда ешқандай мәселе жоқ, 100 пайыз қамтамасыз етілді. Минералды тыңайтқыштарға қатысты қосымша қаржыландыруды күтпей, жыл басында тыңайтқыш жеткізушілер және өндірушілермен жасалған келісімдер нәтижесінде бүгінгі күнге 52,8 мың тонна тыңайтқыш шаруашылықтарға жеткізілген. Бұл – қажеттіліктің 83 пайызы. Қаржысы шаруашылықтар және инвесторлар есебінен шешілуде.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы көлемі 26,7 млрд теңгені құрап отыр. Оның 87,1 пайызы немесе 23,3 млрд теңгесі қаржыландырылды. Каналдардың 134 шақырымы тазаланып, гидротехникалық құрылыстардың 75-і жөндеуден өткен. Ауыл шаруашылығы техникалары толық жөнделіп, егін егу науқанына қатысуда.

Шаруашылықтардың қажеттілігіне сәйкес облысқа бөлінген 12,9 мың тонна арзандатылған дизельдің 40 пайызы жеткізіліп, 1 литрі 250 теңгеден босатылуда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


26 наурыз 2024 ж. 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 362

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 441

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930