» » Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 270 квота бөлінді

Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 270 квота бөлінді


Елімізде 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы іске қосылды. Жоба қосалқы репродуктивті технологиялардың көмегімен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешуге жәрдемедесуді мақсат еткен. Биыл облыста аталмыш бағдарлама бойынша мұқтаж отбасыларға 270 квота бөлінді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жаныл Абубакирова өңірде «Аңсаған сәби» жобасының жүзеге асырылуы туралы сөз етті.

– «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Аталмыш жоба аясында өңірде 2015 жылы 34 квота бөлінсе, бүгінде оның саны 8 есеге артқан. 2023 жылы 274 квота бөлініп, өткен жылдың желтоқсан айына дейін толық игерілді. Оның ішінде 136 жүктілік тіркеліп, 32 жағдай түсікпен аяқталған. Өткен жылы экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы 86 бала дүниеге келсе, 1 отбасында егіз сәби туған. Бүгінде 51 әйел жүктілік кезеңін өткізуде. Ал, 2024 жылға «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 270 квота бөлініп, қазіргі таңда 76 әйел жолданды. Облыс бойынша ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердің саны 174 931-ді құрап отыр. Айта кетейін, аймақта 6 320 бедеу отбасы бар. Бүгінгі күні 750 отбасы квота кезегін күтуде. Кезекте тұрған отбасылардың барлығы өңірлік комиссия арқылы қаралып, қолданыстағы бұйрықтарға сәйкес жолданады. Бағдарлама шеңберінде жүргізілген экстракорпоральды ұрықтандыру циклдеріне мониторинг жүргізу, пациенттердің құжаттарын қабылдау және құрылған комиссияға ұсыну жұмыстары басқарма тарапынан жүргізіледі, - деді Жаңыл Исақызы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

19 наурыз 2024 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

№30 (10398)

26 сәуір 2025 ж.

№29 (10397)

22 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 657
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930