» » Амал – татулық пен бірлік мерекесі

Амал – татулық пен бірлік мерекесі


Бүгін интернационалдықтар амал мерекесін қарсы алды. Мерекенің тәрбиелік мәні жоғары. Амал таңын қарсы алған әрбір үй ертемен есіктерін айқара ашып, шаңырақта міндетті түрде дастархан жайылады. Ренжіскен адамдар татуласып, араздық ұмтылады.

Алты алаштың мерекесін ауылда тұратын өзге ұлт өкілдері де жақсы біледі. Және оны тойлауға барынша ат салысып келеді. Бүгін ауылдық кітапханадағы «COWORKING» орталығында ұйымдастырылған шарада этнос өкілдері амал мейрамын атап өтті. Өздерінің ұлттық киімдерін киіп, шашу шашып, жұрттың назарында болды. Осылайша ұлтаралық достық пен бірлікті көрсете білді.

Жиылғандарды ауыл әкімі Н.Сайымов мерекемен құттықтап, амалдан-амалға аман жетуді тілесе, кітапханашы Р.Тұрманова «Амал мерекесінің» шығу тегі мен маңыздылығы туралы танымдық слайд көрсетті. Тұрғындар Наурыз көже мен бауырсақтан дәм татып, ардагерлер ақ батасын берді.
14 наурыз 2024 ж. 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 172
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 818

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031