» » Мектеп оқушыларына ораза ұстауға бола ма?

Мектеп оқушыларына ораза ұстауға бола ма?

11 наурызда қасиетті Рамазан айы басталады. Ауыз бекітуге ниет етушілер оразаға дайындық амалдарын жасап, оның шарттарын білген абзал. Осы мақсатта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни оңалту бөлімінің басшысы Хасан Аманқұлдан Ораза ұстаушылар арасында жиі қойылатын сауалдардың жауабын сұрап білдік, деп жазады Egemen.kz.ҚМДБ өкілінен ораза ұстау барысында көңілде күмән тудыратын, алғаш рет ауыз бекітуге ниет еткен жандар үшін маңызды іс-әрекеттердің анық-қанығын білдік.
- Түкірік, қақырық жұтқанда ораза бұзыла ма? Ауызды салқын сумен шаюға рұқсат па?
- Түкірік, қақырық жұту оразаны бұзбайды. Бірақ әдейі түкірігін аузына жинап ішке жұту – мәкруһ. Ауызды салқын сумен шаюға рұқсат беріледі, бірақ ол да мәкруһ саналады. Сондықтан мұндай істерден барынша сақтанған жөн.
- Сәресіне тұра алмай қалса қай уақытқа дейін ауыз бекітуге болады? Оразаны жалғастыруға бола ма?
- Сәресіне тұра алмаса, оразасын сәресіз әрі қарай жалғастыра береді. Себебі ораза ұстайтын адамға таң атқаннан кейін жеп-ішуге болмайды.
- Дәрет алмай ауыз ашуға бола ма?
- Намаз оқу үшін дәрет алады. Оразаның сәресі немесе ауызашары үшін дәрет алу шарт емес.
- Ораза ұстаған адамдар белгілі себептермен ауыздарын ашып жатады. Асылында ауызды қандай себептермен ашуға болады?
- Ораза ұстай алмайтын дәрежеде науқастанып қалған адамға, әлсіз қарт адамға, жолаушыға оразасын ашуға рұқсат етіледі.  
- Қадір түнін таңға дейін ұйқысыз өткізу шарт па?
- Қадір түнін құлшылықпен ұйқысыз өткізу – мұстахап, яғни ерікті ғибадат. Ешбір адамға түнді ұйықтамай өткізуді міндеттеу дұрыс емес.
- Оқушыларға ораза ұстауға бола ма?
- Шариғат бойынша дені сау адам ораза ұстауға міндетті. Ал балиғат жасына толмаған балаға құлшылық жасау, оның ішінде ораза ұстау шарт емес.
- Жауабыңызға рақмет!
09 наурыз 2024 ж. 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031