» » Еден жуушылар мен аула сыпырушылардың жалақысы қашан өседі

Еден жуушылар мен аула сыпырушылардың жалақысы қашан өседі

Үкімет Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованың техникалық қызметкерлердің жалақысы көтеруге қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардағы техникалық қызметкерлерге, оның ішінде электриктерге, плотниктерге, еден жуушыларға, сантехниктерге, аула тазалаушыларға және басқаларға еңбекақы төлеу жүйесі бойынша сауал жолдаған болатын.
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкімет бюджет саласы қызметкерлерінің жалақы деңгейін арттыру үшін қандай шаралар қабылдап жатқанын түсіндіріп берді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022-2025 жылдар кезеңінде азаматтық қызметшілердің, оның ішінде аталған жұмысшылардың жалақысы кезең-кезеңімен (жыл сайын орта есеппен 20%-ға) артып келеді. Нәтижесінде 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады, - деді вице-премьер.
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту мүмкіндігі берілді.
Қазіргі кезде Үкімет Дүниежүзілік банкпен бірлесіп халықаралық тәжірибені ескере отырып, жұмыстың ерекшелігіне қарай азаматтық қызметшілердің, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Осыған байланысты аталған қызметкерлердің жалақысын арттыру, оларға сауықтыруға жәрдемақы төлеу, Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне жұмыс кәсіптерін қосу мәселелері азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аяқталғаннан кейін кешенді түрде қаралады, - делінген Дүйсенованың ресми жауабында.
04 наурыз 2024 ж. 588 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930