» » Оқушылар олжалы оралды

Оқушылар олжалы оралды

Жақында газетімізде асық ойыны арқылы желіде 30 миллионнан аса қаралым жинап, әп сәтте әлемге таралған мұғалім мен мектеп оқушысы туралы мақала жариялаған болатынбыз. Білікті ұстаз Шерхан Сламханұлы №107 мектептің дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Мақала даярлау барысында алдағы өтетін сайысқа дайындалып жатқанын айтқан еді. Міне, бүгінде сол жарыстан олжалы оралғанын жазып, сүйінші хабарын да жеткізді.

Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдаланып, спортпен шұғылдану арқылы ерік-жігерін, табандылығын қалыптастыру, өскелең ұрпақтың саламатты өмір салтын ұстану дағдысын үйрету, спортпен шұғылдану мәдениетін арттыру мақсатында «Денсаулық әлемі» жобасы құрылған. Осы жоба аясында жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, асық ату мен бес асық ойынын жандандырып, жоғары деңгейде оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында Дүр Оңғар ауылдық мектебінде «Бес асық және асық ату» үйірмесі ашылған. Жақында көршілес Қазалы ауданында 2008-2010 жылы туған  жасөспірімдер мен 2011-2013 кіші жасөспірімдер арасында осы ойын түрінен Қазақстан Республикасы чемпионатына іріктеу жарысы өтті.

Сайыс нәтижесінде 2008-2010 жылы туған жасөспірімдер «бес асық» ойыны бойынша қыздар ІІ орынды еншілесе, жекелей сында Інжу Амантаева І орынға қол жеткізді. Ал 2011-2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында қыздар ІІІ орынды иеленді. 2008-2010 жылы туған жасөспірімдер асық ату бойынша І орынға жайғасты. Жекелей сында Ерхан Нұрланұлы мен Рамазан  Мәлікайдаров өз топтарынан оқ бойы озық болды. 2011-2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында жігіттер ІІ орын еншілесе, жекелей сында Ернұр Саяшбеков І орынды қанжығасына байлады. Айта кетейік, І орын алып озат болғандар алда өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама алып отыр.

Ұлттық спортты насихаттауға жас буынға ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға және дамытуға үлесімді қосқым келеді деп үйірме жұмысын жүргізіп жатқаныма 1 жылға жуық уақыт болды.  Қазіргі таңда үйірмеге 30-ға жуық бала қатысады. Оның ішінде 12 оқушыны осы Қазалыда өткен жарысқа апардым.  Шәкірттерімнің жеңісіне шын қуаныштымын. Енді наурыз айында болатын республикалық чемпионатқа дайындықты бастап кеттік. Бұйырса, ол жақтан да жүлдемен ораламыз деген ойдамын, – дейді жаттықтырушы Ш.Сламханұлы.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
23 ақпан 2024 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 219

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 326

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930