» » Қазақстандықтарға 138 мың теңгеден түсіп жатыр

Қазақстандықтарға 138 мың теңгеден түсіп жатыр

Отбасы банк салымшыларына мемлекеттік сыйақы түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл сайын тұрғын үй құрылысы жинақ ақша жүйесіне қатысушыларға 20% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы төленеді. Мемлекет сыйлықақысы 200 АЕК (2023 жылы 1 АЕК 3 450 теңгеге тең) немесе 690 000 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі. Егер осы жыл ішінде Отбасы банктің депозит ұстаушысы осы қаражатты өз шотына жинаса немесе оларды бір мезгілде енгізсе, онда ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары сыйлықақыны – 138 000 теңгені алады. Сіздің жинаған қаражатыңыз бұл сомадан аз болса да, сол жинақтың 20%-ы шотыңызға түседі.  
Мемлекет тарапынан 20% көлемінде бонус алуға үлгеру үшін Отбасы банктің салымшылары былтырғы 29 желтоқсанға дейін өз депозиттерін толықтырып үлгеруі тиіс еді.
Ұлттық банк мәліметінше, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайға сәйкес Отбасы банктегі жеке тұлғалардың салым мөлшері 2,296 трлн теңгені құраған.
12 ақпан 2024 ж. 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 165
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031