» » 122 520 теңге сыйлықақыны кім алады?

122 520 теңге сыйлықақыны кім алады?

Баспаналы болу үшін депозит ашқандар үшін: Сыйлықақы алу үшін 30 желтоқсан сағат 18.00-ге дейін депозиттегі биылғы жинақ көлемін ең кемі 612 600 теңгеге жеткізу керек, деп хабарлайды Dauletten.kz ақпараттық сайты informburo.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Отбасы банкінің салымшылары депозиттерінде 2022 жылы жинаған ақшасы үшін мемлекет сыйлықақысын ала алады. Ал жылдың аяқталуына он жұмыс күні ғана қалды. Осыған орай, мемлекет сыйлықақысын алу шарттары мен тәртібін еске саламыз. 
Сыйлықақы қаңтар-ақпан айларында түседі
Қазақстандықтардың баспаналы болуына қолдау көрсету мақсатында жыл сайын республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Ол сыйлықақы түрінде Отбасы банкі салымшыларының жыл басынан осы жылдың соңына дейін жинақтаған салым сомасына есептеледі. 
20% мөлшеріндегі мемлекет сыйлықақысы жинақтың барлық сомасына емес, 200 АЕК аспайтын мөлшеріне есептеледі. Биыл сыйлықақы есептелетін ең жоғарғы жинақ сомасы 612 600 теңгені құрайды. Сонда сіз ең көп дегенде 122 520 теңге ала аласыз. Ал бұл сома 2023 жылдың қаңтар-ақпанында салымшылардың жинағына аударылады. 
Не істеу керек? Сыйлықақы алу үшін ештеңе істеудің қажеті жоқ. Отбасы банкінде депозиті бар салымшыларға автоматты түрде есептеледі. Депозитті қашан толықтырғаныңыз маңызды емес. Ай сайын ақша аударатын салымшыға да, осы желтоқсанда жинақ ашқан адамға да сыйлықақы есептеледі. Жинағыңыз 612 600 теңгеге жетпесе, бірақ ең жоғарғы сыйлықақы алғыңыз келсе, жаңа жылға дейін ақша аударуды ұмытпаңыз.
Ал депозитіңіз болмаса, жыл соңына дейін ашып үлгеріңіз.
Әлі қанша уақыт бар?
Сыйлықақы алу үшін 30 желтоқсан күні сағат 18.00-ге дейін депозит ашып не шотқа ақша салып үлгеру қажет. Одан кейін аударылған жарналар 2023 жылдың қаңтарына есептеледі.
Депозит ашу жолдары. Депозитті банкке барып немесе кез келген жерде отырып онлайн ашуға болады. Онлайн ашудың екі жолы бар: біріншісі – Отбасы банк сайтында бейне қоңырау арқылы, екіншісі – Otbasybank мобильді қосымшасы арқылы. Отбасы банк бөлімшелеріне немесе кеңес беру орталығына, болмаса «Қазпошта» бөлімшесіне барсаңыз сол жердегі мамандар депозит ашып береді. Оларға бара алмасаңыз банктің мобильді кеңес берушілері демалысқа қарамай сізге ыңғайлы уақытта үйіңізге немесе кеңсеңізге келе алады..
Бір салымшыда бірнеше депозит болса мемлекет сыйлықақысы соның тек біреуіне ғана есептеледі. 122 520 теңгеден көп сыйлықақы алғыңыз келсе, отбасы мүшелеріне депозит ашып, солардың жинағын толықтырсаңыз болады. Сонда сыйлықақы әр адамның жинағына аударылады.
Есте сақтаңыз, депозитті 3 жылға жетпей мерзімінен бұрын жабамын деп шешсеңіз немесе жинағыңызды баспаналы болуға пайдаланбасаңыз, онда мемлекет сыйлықақысы бюджетке қайтарылады.
30 желтоқсан 2022 ж. 327 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 386

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 465

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930