» » “Ешкімге айта алмай, барамын тұншығып”: Екі баласын өлтірген әйелдің жазбасы тарады

“Ешкімге айта алмай, барамын тұншығып”: Екі баласын өлтірген әйелдің жазбасы тарады

Балаларын өлтірген келіншек туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qamshy.kz сайтына сілтеме жасап. 
Түркістан облысында жантүршігерлік оқиға орын алған болатын. Шиелі ауданындағы Пушкин атындағы №46 мектеп лицейде тәрбиеші болып жұмыс істеп келген 31 жастағы әйел 6 ақпанда ешкімге ескертпестен үйінен екі баласын алып, Түркістан қаласына кетіп қалған.
Сонда пәтер жалдап, ертесіне, 7 ақпанда 2 баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген, деп күдіктелуде.
Осы оқиғаның алдында келіншек өзінің Instagram парақшасына балалары мен өзінің қолының суретін салып, "Жүректеріміз мәңгі бірге" деп жазыпты. Оған Нұрмахан есімді әншінің "Бізге берілген уақыт аз ғана" деген әнін қосқан.
Әннің мәтінінде:
"Ешкімге айта алмай,
Барамын тұншығып.
Мың түрлі сынақтан,
Өте алмай жүрміз күрсініп.
Тағдырға босқа қырсығып,
Бізге берілген уақыт аз ғана",-деген сөздер бар.
Келіншекті жақсы танитын достары, сыныптастары мен сынып жетекшісінің сөзінше, ол толыққанды отбасынан шыққан, қайын жұртының тұрмысы жақсы, өзі өте ақкөңіл, жүрген ортасын күлдіріп жүретін ашық мінезді, қонақжай әрі балаларын қатты жақсы көретін әйел. Ешқандай диспансерлік есепте тұрмайды. Мұндай қылмысқа барады деп ешкім ойламаған.
10 ақпан 2024 ж. 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031