» » "Қаражат тиімсіз жұмсалып жатыр": Жаңа премьер-министр МӘМС жүйесін реформалауды тапсырды

"Қаражат тиімсіз жұмсалып жатыр": Жаңа премьер-министр МӘМС жүйесін реформалауды тапсырды

Жаңадан тағайындалған премьер-министр Олжас Бектенов МӘМС жүйесіне талдау жүргізуді сұрап, ондағы қаражаттың тиімсіз пайдаланылып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"МӘМС жүйесін қайта қарау керек деп санаймын. Қаражат осылай тиімсіз пайдаланылып жатқан кезде оны қыржыландыруды арттыру ойға қонымсыз. Сала толық цифрландыру мен ашықтықты талап етеді", – деді премьер-министр.
Сонымен қатар вице-премьер Роман Склярға барлық ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың иесімен келіссөз жүргізу тапсырылды.
"Олар жақын арада өндірісті қайта құру бойынша нақты жоспар ұсынуы керек”— деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ ол өнеркәсіп алыптары қазақстандық тауар, жұмыс пен қызметтерді сатып алуды арттыруға тиіс екеніне назар аударды. Құрылыс компаниялары да тексеріледі.
"Барлық сметаларда қазақстандық құрылыс материалдары болуға тиіс. Бұнымен қоса материалдар мен жұмыстардың құны жоғары көрсетілмеген бе, соны анықтап, сметалық құжаттамаға тексеру жүргізіңіз. Жасыратыны жоқ, сметаларда баға асыра сілтенеді. Тәртіп орнату керек", – деді Олжас Бектенов.
Бұнымен қатар үкімет басшысы өнеркәсіптік кәсіпорындарды энергиямен қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев медициналық сақтандыру жүйесін сынға алған еді. Қордың президент пен парламенттің сынынан кейін әлеуметтік медициналық сақтандыру саласына бірқатар жаңалық енгізілетінін хабарлады. 
09 ақпан 2024 ж. 346 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 118

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 480

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930