» » Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.
фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қайта тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың ресми сайтына жарияланған құжатта.

Айта кетейік, Руслан Фатихұлы 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген.

И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін (1987 жыл), М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын (1996 жыл), Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын (2004 жыл) бітірген.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Әскери атағы: генерал-полковник (2022 жыл).

1987-1988 жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі.

1988-1989 жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі барлау взводының командирі.

1989-1992 жж. – Түркістан әскери округы мотоатқыштар полкі барлау ротасының командирі.

1992-1993 жж. – барлау мотоатқыштар полкінің бастығы.

1996 ж. – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері гвардиялық оқу-жаттығу орталығының барлау бастығы.

1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының штаб бастығы.

1997-1998 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің полк командирі.

1998-2000 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері жедел тағайындау полкінің командирі.

2000-2004 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерді жедел тағайындау бригадасының командирі.

2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының командирі.

2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары.

2007-2008 жж. – қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бас штабының бастығы.

2008-2013 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысы.

2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлердің бас қолбасшысы.

2014-2021 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.

2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылы қаңтар аралығында – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.

2022 жылғы 19 қаңтардан қайта тағайындалғанға дейін – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
06 ақпан 2024 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 388

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 466

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930