» » Инвестициялық жобамен танысты

Инвестициялық жобамен танысты


Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев пен аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов «Газоблок өндірісін ашу» жобасының жұмыстарымен танысты.

2023 жылы Жосалы кентінде «АНК-Даулет» ЖШС «Газоблок өндірісін ашу» жобасын іске асыру жұмыстары басталды. Жобаны мемлекеттік қолдау шеңберінде «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасымен 60,0 млн теңге несие алынды. Қазіргі таңда, цех құрылысы аяқталып, құрал-жабдықтарды құрастыру, орнату жұмыстары жүргізілуде. Өндіріс желісінің құрал-жабдықтары Ресей мемлекетінен 35,0 млн теңгеге сатып әкелінді.

Жобаның жалпы құны 150,0 млн теңге. Жобалық қуаттылығы тәулігіне 40 м/куб өнім шығару. Жоба іске қосылғанда тұрақты 5 жаңа жұмыс орындары ашылады.

Кәсіпорынның негізгі қызметі жер қойнауын пайдаланушы - карьер қазумен айналысады. Карьерде құм-қиыршық тас қоспасын өндіреді.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

03 ақпан 2024 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 076
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031