» » Қазақстандықтар «Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша балаға берілген соманы көре алады

Қазақстандықтар «Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша балаға берілген соманы көре алады

1 ақпаннан бастап қазақстандықтар «Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша балаға берілетін соманы біле алады.
Ақпарат kids.enpf.kz сайтында жарияланған. Балаңыздың ЖСН арқылы оның бағдарламаға қатысып, қатыспайтынын тексеруге болады.
2006 жылы және одан кейін туған барлық балалар жыл сайын Қазақстан Республикасы ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызын алатын болады. Табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташа есеппен алынады. Барлық балалар есепті жыл үшін бірдей сома алады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдардағы балаларға есептелген сомалар ұлттық қор активтерінің бөлігі ретінде инвестицияланатын болады. Нәтижесінде оларға инвестициялық кіріс қосымша есептелетін болады.
Сервис қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр және барлығына шамамен 100 доллар түскені көруге болады.
Ақпарат алу үшін баланың ЖСН-ін енгізіп, «Тексеру» түймесін басу керек.
Айта кетейік, бұған дейін «Ұлттық қор — балаларға» жобасына байланысты шу шыққаны белгілі болған. Өйткені кейбір ата-ана баласын тізімнен таппаса, ал енді бірі деректер базасында өз баласының орнына бейтаныс адамдардың тіркелгенін көріп таң қалған. 
zhalagash-zharshysy.kz
31 қаңтар 2024 ж. 626 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 008
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 683

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031