» » Ұлттық қор – балаларға: 18-ге толған шот иесі баспана алу үшін ақшасын қалай шешеді

Ұлттық қор – балаларға: 18-ге толған шот иесі баспана алу үшін ақшасын қалай шешеді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева редакция сауалына жолдаған жауабында «Ұлттық қор – балаларға» жобасының ақшасын баспана алу үшін қалай шешуге болатынын түсіндірді.
«Бағдарламаға қатысушы бала кәмелетке толған соң ақшасын пайдалану туралы шешім қабылдаса, ол уәкілетті операторға өтініш береді. Ал БЖЗҚ оның жинақтарын уәкілетті операторда ашылған баланың банктік шотына АҚШ долларымен аударады. Уәкілетті оператор жинақтарды 18-ге толған Қазақстан азаматының тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе білім алуына сол сәтте өзекті болатын валюта бағамы бойынша теңгемен аударады», – делінген жауапта.
Оның айтуынша, биыл 18-ге толатын балалардың шотына неше доллардан аударылатыны әлі белгісіз.
«Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер бойынша, 2024 жылдың басына Бағдарламаға қатысушы ретінде тіркелген балалар саны – шамамен 7 миллион. Ал, әр баланың шотына қаншалықты мөлшерде қаржы аударылатыны туралы мәселеге келсек, ол Қазақстан азаматы болып есептелетін балалардың саны бойынша деректерге (2023 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) және Ұлттық қорда есептелген балаларға арналған нысаналы талаптардың жалпы сомасына қатысты Ұлттық Банктен алынған ақпаратқа негізделе отырып есептеледі. Нысаналы талаптардың (18 жасқа дейінгі балалар үшін) және нысаналы жинақтардың (18 жасқа 2024 жылы толатын балалар үшін) есептелген сомалары туралы мәліметтер барлық есептеу мен тексеру рәсімдері аяқталғаннан кейін, 2024 жылғы ақпан айында қолжетімді болады. Оларды БЖЗҚ және eGOV ресми сайттарынан дербес (баланың деректері бойынша) көре аласыздар», – деп жазады С.Егеубаева.
syrboyi.kz
27 қаңтар 2024 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930