» » Мәдениет - мәңгілік мұра

Мәдениет - мәңгілік мұра


Мәдениет - ұлттың мәйегі. Осы бір сала ұлттың ұлылығын, елдің елдігін айшықтап тұратындай. 2023 жыл Сыр мәдениеті үшін толағай табыстарға толы жыл болды. Мәселен, былтыр облыста 2 мәдени нысан ел игілігіне беріліп, өз қызметін бастады. Соның бірі - отбасылық құндылықтарды айшықтайтын, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған "Анаға тағзым" орталығы мен жас жұбайлардың салтанатты неке қидыруына арналған "Отбасы орталығы" ашылды.
Бұдан бөлек, аймақ басшысының бастамасымен көпфункционалды 1000 орындық «Өнер» орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл орталық та жақын күндері өнер сүйер қауымның игілігіне пайдалануға беріледі. Жыл бойы атқарылған жүйелі жұмыстарды Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова баяндады.

- 2023 жылы Сыр мәдениетінің тарихында алтын әріппен жазылатын айтулы оқиғалар көп болды. Аймақ басшысының қолдауымен бірнеше мәдени нысандар ашылып, ел игілігіне берілді. Тағы бір айтулы жаңалық Арқа төрінде Астана қаласының 25 жылдығы мен Қызылорда облысының 85 жылдығына арналған Сыр өлкесінің өнер күндері жоғары деңгейде өтті. Биыл да мәдениет мәртебесін асқақтататын айшықты шаралары мен байырқалы бастамалар жалғасын табады. Жеті ауданда типтік үлгідегі «Руханият» орталықтары салынады және елді мекендерде мәдени-спорттық кешендердің жобасы әзірленуде. Әйтеке бидің 380 жылдығына арналған «Әділ сөздің алдаспаны» атты тұңғыш республикалық командалық айтысы да биыл Сыр өңірінде өткізіледі. Одан бөлек, сәуір айында Алматы қаласында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді деп жоспарлануда. «Тұран» облыстық рухани-мәдени, шығармашылық фестивалі және композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Таймановтың шығармашылығына арналған «Сыр Ана» республикалық әншілер конкурсы басталады. Сондай-ақ, Байқоңыр қаласында мемлекеттік және ұлттық мерекелерді өткізу жоспарымызда бар. Бұдан бөлек, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның 70 жылдығына арналған «Ақбаян» республикалық әншілер конкурсы ұйымдастырылады, - деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, бүгін симфония оркестрінің
“Симфония сазы” атты кезекті концерті өтті.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

20 қаңтар 2024 ж. 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930