» » Шетелдік автокөлігін тіркемеген жүргізушілерге қандай шара қолданылады - ІІМ жауап берді

Шетелдік автокөлігін тіркемеген жүргізушілерге қандай шара қолданылады - ІІМ жауап берді

Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктерді тіркеу өткен жылдың қаңтар айында қолға алынған еді. Алайда шекті мерзімге дейін көліктерін тіркемеген азаматтарға қандай шара қолданылатынын Ішкі істер министрлігі түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Министрлік мәліметінше, елімізде 304 мың шетел автокөлігі тіркелген. 
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру өткен жылдың қаңтарында қолға алынды. Осы күнге дейін автокөлігін тіркемеген азаматтар, көлігі техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда арнайы төлемдерді жасауы тиіс»,  делінген ІІМ ақпаратында.
Құзырлы орган шетелдік көлігін тіркемеген жүргізушілер жауапкершілікке тартылатынын да жеткізді.
«Шетелдік автокөлік иелеріне белгіленген тәртіпте тіркелмеген автокөліктерді пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз», деді ведомствоның баспасөз қызметі.
18 қаңтар 2024 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 815
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 510

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930