» » Қазақстандық студенттер білім беру несиесін қалай ала алады?

Қазақстандық студенттер білім беру несиесін қалай ала алады?

Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру қағидаларының жаңа ережелерін ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа заң жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Заң жобасы қаңтарға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Жаңа ережеге сәйкес білім беру несиесі 10 жылға, теңгемен беріледі. Аталаған несие бұған дейін екінші деңгейлі банктер арқылы беріліп келсе, жаңа ереже бойынша бұл қызмет толықтай мемлекеттік ұйым арқылы жүзеге асырылады.
Білім беру несинесін алу үшін студент бірнеше талаптарға сай болуы керек:
- Несие алушы Қазақстан Республикасының аумағында ЖОО-да жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша білім алуы қажет;
- тұрақты табыс көзі бар, Қазақстан Республикасының кемінде бір еңбекке қабілетті азаматына кепілгерлік берушілер. Бұл шарт жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жататын қарыз алушыларға қолданылмайды;
- Оқу құнының кемінде 10 пайызы мөлшерінде жинағының барын растайтын білім беру жинақтау сақтандыру шартының болуы.
Несие 10 жыл мерзімге берілгенімен, оны төлеу ЖОО бітірген соң емес, оқу кезінде, яғни несие берілген айдан кейінгі айдан басталады. Егер студент академиялық демалыс алса, несиені төлеу уақыты да шегеріліп отырады.
14 қаңтар 2024 ж. 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 447
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31