» » Қармақшы ауданының Ақай ауыл тұрғыны банан өсіріп жүр

Қармақшы ауданының Ақай ауыл тұрғыны банан өсіріп жүр

Қызылордалық кәсіпкер Ерлан Жаппасбаев Қармақшы ауданының Ақай ауылында сегіз жылдан бері жылыжай ісімен айналысып келеді. Жеті сотық жерде қияр, қызанақ, салат жапырақтары жайқалып тұр. Ең қызығы, олардың қатарында банан да бар. Кәсіпкер экзотикалық өсімдікті Өзбекстаннан әкеліпті. Оны малдың қиынан алынатын биогаз арқылы жерсіндіріп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Банан өсіруге Қызылорданың климаты өте қолайлы. Күн ыстық, бұлт сирек шығады. Ол өзі екі жылда өнім береді. Сондықтан тәуір өнім беруі тиіс", - деді жылыжай иесі.

Банан жемісінен гөрі көшетін сатқан тиімді екен. Өйткені бір банан ағашынан 15-20 шақты көшет алынады. Оның әр түбі базарда 10-15 мың теңгеге бағаланады.

"Ал жемісі тек бонус есебінде. Қазіргі кезде жылыжайда 5 түп жеміс ағашы бар. Бұйырса, келер жылы өнімін жейміз. Бір түптен 20 келіден шығады", - деді Ерлан Жаппасбаев.

Назерке Саниязова

14 қаңтар 2024 ж. 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 074
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 734

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031