» » Ұстаздар олжалы оралды

Ұстаздар олжалы оралды

qarmaqshy-tany.kz 5 қаңтарда Қызылорда қаласындағы №187 ІТ мектеп-лицейінің базасында «Зерделі ақыл-ой дамыту» мектебінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Оның негізгі мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру және педагогтердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту
Олимпиаданың облыстық кезеңінде 61 педагог өзара бақ сынасты. Үш бөлімнен тұратын олимпиада тапсырмаларын орындауға 90 минут уақыт берілді. Бірінші бөлімде қатысушы мұғалімдер он тест тапсырмаларын орындаса, екінші, үшінші бөлімдерде есептер шығарды. Олимпиада тапсырмалары бастауыш сынып бағдарламаларын негізге ала отырып құрастырылған авторлық есептер, басым бөлігі логикалық есептерден тұрады. Оның нәтижесінде ауданымыздың 3 мұғалімі республикалық кезеңге жолдама алды. Атап айтар болсақ, №111 мектептің мұғалімі Шұғыла Шайменалиева, №80 мектеп-гимназияның мұғалімі Мақпал Жайлашева, №269 мектептің мұғалімі Жадыра Сапақ ақпан айында өтетін республикалық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады.
Айта кетейік, олимпиада жылына бір рет ҚР Оқуағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылымипрактикалық орталығының ұйымдастыруымен өтеді.
«Қт» ақпарат

10 қаңтар 2024 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031