» » Ауыл тұрғындарымен келелі кездесу

Ауыл тұрғындарымен келелі кездесу

qarmaqshy-tany.kz Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес ауданға қарасты ІІІ Интернационал, Жосалы және Иіркөл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов пен Мархабат Жайымбетов қатысты.

Президент барлық деңгейдегі әкімдерге жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, оларды толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аударуды, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдары туралы хабардар етуді және мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімін түсіндіруді тапсырғаны белгілі.
Аймақ басшысы кездесуде өткен жылғы жетістіктерді саралап, атқарылатын жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.
– Өткен жыл еліміз және Сыр өңірі үшін жақсы жаңалықтарға, баянды бастамаларға толы, нәтижелі кезең болды. Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Кемелұлы қазан айындағы арнайы жұмыс сапары кезінде өңірде атқарылған жұмыстармен танысып, оң бағасын берді. Облыс үшін маңызды мәселелерге қатысты тарихи шешімдер қабылдады.
Аймақта экономиканың барлық негізгі көрсеткіштерінде өсім бар. Өңірлер арасында тамыз айынан бері үздіктер қатарында алғашқы үштіктеміз. Осыдан бір жарым жыл бұрын облыс бюджеті 387 млрд теңгені құраса, облыстық мәслихат сессиясында биылғы жылдың бюджеті 650 млрд теңге болып бекітілді. Жыл соңына дейін салық түсімдерін арттырып, жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы бюджетті 700 млрд теңгеден асырамыз. Бұған резервтеріміз бар. Соңғы жылдары аймағымыз қарқынды құрылыс алаңына айналып, республика бойынша алдыңғы қатардамыз. Өткен жылы 177 жобаны жүзеге асыруға 87,1 млрд теңге бөлініп, 2022 жылмен салыстырғанда 3,5 есе артты. Биыл 110 құрылыс нысанын салуға 94,5 млрд теңге бөлінді. Қаражат жыл аяғына дейін едәуір көбейеді, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Кездесуде Төребай би ауылының еңбек ардагері Жақсылық Жалғасбаев бата берді. Сондай-ақ ардагерлер мен ауыл азаматтарына қоғамдық жұмыстағы белсенділігі, ауылды дамытуға қосқан үлесі үшін марапат тапсырылды
Мұнан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Дүр Оңғар ауылында жаңа амбулатория пайдалануға берілді. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысты.
Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, отандық медицинадағы жаңашылдықтардың өңірдің денсаулық сақтау саласында қолданылуы, ауруханалардың материалдықтехникалық базасын жаңарту жайлы айтты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынуы жоспарланған 27 нысанның 15-нің құрылысы былтыр аяқталды. Жаңа жыл қарсаңында Ақжар және Тұрмағамбет ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар өз қызметін бастаса, бүгін Дүр Оңғар ауылындағы амбулатория халық игілігіне табысталуда.
Биыл облыста 21 медицина нысанының құрылысы жүргізіледі. Ұлттық жобамен Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы көпбейінді орталық ауруханалар жанынан қосымша ғимараттар құрылысы басталады. Ауылдарда 9 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, жергілікті бюджеттен Арал ауданында «Қамқорлық» оңалту орталығы, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында ауылдық аурухана салынады. Қазір 9 медициналық нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, 5 нысанның жылу жүйесі газға ауыстырылуда. Бұл жұмыстарға 3 млрд 700 млн теңге қаралды. Облыстық психикалық денсаулық, өкпе аурулары орталықтарына күрделі жөндеу жүргізілуде. Келесі жылы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасын жөндеуге кірісеміз, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Құрылысты салған «Бақ-Береке 2030» ЖШС ғимараттың келушілерге жайлы болуына баса мән берген. Онда тіркеу орны, қабылдау, дәріхана, оқшаулау, физиотерапиялық емдеу, егу бөлмелері, лаборатория, архив, күндізгі емдеу стационары, жалпы тәжірибелік дәрігердің кабинеті бар. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасалған.
Іс-шарада Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов ауыл тұрғындарын құттықтаса, Жаңажол ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақытбек Тауекелов бата берді. Сондай-ақ мердігер мекеме өкілдері мен ауыл азаматтарының еңбегі еленіп, марапатталды.
Айта кетейік, жуырда көпбейінді облыстық аурухана жанынан 70 төсектік перинаталдық орталық халық игілігіне берілмек. Қызылорда қаласында 200 төсекорынға арналған заманауи перинаталдық орталық құрылысы басталады. Жоба құны – 30 млрд теңге. Мамыр айында Қан орталығы табысталады.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры аймақты құны 1 млрд. 100 млн теңге тұратын онкологиялық скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз етті. Мұндай кешен республика бойынша 3 облыста ғана бар. Медициналық кешен компьютерлік томограф, цифрлық рентген, ультрадыбыстық аппаратпен жабдықталған. Бүгінде Арал, Қазалы аудандары және Байқоңыр қаласы тұрғындарын арнайы тексеруден өткізсе, қазір аудан халқына қызмет көрсетуде.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

09 қаңтар 2024 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 259

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930