» » Теміржол қақпасы қайта түлеуде

Теміржол қақпасы қайта түлеуде


Қала әкімі Асылбек Шаменов бүгінгі аралауда қайта жаңғыртудан өткен теміржол вокзалына барды.

Еске салсақ, тарихи ғимаратты қайта жаңғыртуға облыс әкімі бастама көтеріп, «Қазақстан Темір Жолы» компаниясымен келіссөздер жүргізу арқылы 322 млн. теңге және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен 255 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жобаға сәйкес, ғимараттың сыртқы бетіне травертин плиталарын монтаждау, шатырын, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустарды, суағарды, су, кәріз және жылу жүйелерін жөндеу, қала жақ бетін көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ішкі бөлмелеріне жөндеу жасалды. Мұнан бөлек, 2 жолаушылар платформасына жаңадан асфальт төселіп, төрт көзді жарық шамдар орнатылды.

Екінші ғимарат та ерекше кейіпке еніп, әкімшілік ғимаратының сырты әрленді, 200 шаршы метр шатыры жөнделді. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен перрон және автотұрақ асфальтталып, жарық шамдар қойылды. Оған қоса вокзал маңындағы нысанның сыртқы қасбеті қапталды. Қазіргі уақытта перрон аумағына брусчатка төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімі мердігер мекеменің жұмысшыларына жөндеу шараларын сапалы жүргізу керектігін айтып, вокзал басшылығына күнделікті бақылау жұмыстарын күшейтуді жүктеді.

Қызылорда Қаласының Әкімдігі 



07 қаңтар 2024 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930