» » Сыбайлас жемқорлыққа қатысты карта тиімді жүзеге асуда

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты карта тиімді жүзеге асуда


Қазіргі таңда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы арқылы барлығы 9 бағыт анықталды. Олар білім беру, медицина, бизнесті қолдау, жер, олигополия, агроөнеркәсіптік кешен және өзге де салалар. Осы жөнінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков хабарлады.
- Еліміздің әр өңірінде «сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдер картасы» бар. Осы карта департаменттің күнделікті жұмысының негізгі бағдары десек болады. Өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталған картаға енген салалардағы мәселелер мен сыбайлас жемқорлық көріністерін шешу үшін тиісті алдын алу жұмыстарын жүргізді. Олар 8 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және 4 сыртқы талдау. сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тұрғысынан неғұрлым проблемалық салалар осы картада айқындалып, олар облыс әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. Одан бөлек, картада бөлек назарды қажет ететін бағыт ретінде бизнес саласы көрсетілді.
Өздеріңізге белгілі, қыркүйек айында Мәжілістің кезекті сессиясының ашылуында Президент, «Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау» қажеттілігін атап өтті. Осы ретте, Мемлекет басшысының тапсырмаларын және бизнесті қорғау мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Бизнеске жол» жобасын іске қосты. Бұл жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды рәсімдеу кезінде әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу болып табылады. Осы ретте «Атамекен» палатасы алаңында және «ANTIKOR» орталығында кіші және орта бизнес өкілдеріне жеке қабылдау жүйелі түрде жүргізілуде. Жобаны іске асыру басталғалы 600-ден астам кәсіпкерді қамтыған 50 кездесу өткізілді. Жалпы, жоба аясында 2500-ге жуық кәсіпкердің құқықтары іс жүзінде қорғалды. Біз өз қызметімізді басқа да мемлекеттік органдармен, қоғаммен және халықпен бірлесіп жалғастыратын боламыз. 1424 Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-констультациялық қолдау көрсетеді. Барлық өтініштер біздің тұрақты бақылауымызда, - деді Асылхан Амангелдіұлы.

23 желтоқсан 2023 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 425
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930