» » Ізденіс жетістікке жетелейді

Ізденіс жетістікке жетелейді

qarmaqshy-tany.kz «Алтын ұяң – Отан қымбат, туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат» деп халқымыз туған жердің қасиетін текке ерекше бағаламаған. Елін, жерін қадірлейтін ер азаматтар барда, жасалған керемет игі бастамаларды өрбітіп, жарыққа шығаратын жас жеткіншектер барда Отан, туған жер, ел, ауыл ұғымы өз мәнін жоғалтпақ емес.
Осы тақырыппен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 15-17 жастағы оқушылар арасында өткен «Менің жобам – менің елім!» атты жоба байқауында «Менің Отаным – менің бастамам» номинациясы бойынша No109 орта мектептің 10-сынып оқушысы, шәкіртім Нұрсезім Мырзабекова жүлделі І орынмен марапатталып, облыстық байқауға жолдама алды. Білімді жастың болашағынан үлкен үміт күте отырып, оның байқауға дайындаған тақырыбынан қысқаша үзінді келтіре кетуді жөн көрдім.
Биыл ауылымызда «Қармақшы құс фабрикасы» ашылды. Оған «Ақтөбе и К» ЖШС директоры Нұрлан Іздібаев басшылық етеді. Құрылыс жұмысы 2016 жылы басталып, осы жылы пайдалануға берілді. Бұл жоба – жалпы құс шаруашылығы республикамыз- да саусақпен санарлық десек қателеспейміз. Оның қызмет түрлеріне келсек: құс етінен жасалған өнімдерді өндіру. Фабрика жылына 1500 тонна құс етін өндіруді қолға алған. Ет бағытында жұмыс істейді. Ол бөліктелген түрде салқындатылып, өндіріске шығарылады. Өнімнің 70 пайызы шетелге экспортталады.
Құс шаруашылығында келешекте 150-200 адам жұмыс жасайды деп күтілуде. Фабрика әкімшілік ғимараты, балапан шығару цехы, 6 балапан өсіру қорлары, тауық сою цехы және күзет ғимаратынан тұрады. Балапан шығаратын цех құралдары және мұздатқыш, сою цехы жабдықтары Қытайдан әкелінген. Құс өсіретін қорлар Бельгиядан, қалдық заттарды өңдеу аппараты Ираннан алдырылған. 57000 дана тауық жұмыртқасы Түркиядан ұшақпен әкелініп, Алматыдан арнайы көлікпен жеткізіліп, инкубатор цехына қойылды.
«Ауылына қарап, азаматын таны» деген аталы сөзге арқау болған ауылымыздың еңбеккерлерін паш ете отырып, аудандық байқауда жеңіске жеткен Нұрсезімге алдағы күндерге сәттілік тілей отырып, облыстық кезеңнен де жүлделі оралуына тілек білдіреміз.
Ботагөз МҰРТАЗАЛИЕВА,
жетекшісі
22 желтоқсан 2023 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 426
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 233

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930