» » Мерейлі мезірет

Мерейлі мезірет


Биыл «Асыл дән» LTD ЖШС-іне мерейлі 10 жыл толып отыр. Күріш саласында елге қызмет ететін кәсіпкерлік нысан жыл соңында Мемлекет басшысының «Іскер» атты арнайы жүлдесін алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Асыл дән» LTD ЖШС директорының орынбасары Нұрлан Жомартов айтты.

- Қанша жыл бойы өндіріс саласында жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлік нысан үшін бұл жоғары жүлде. Оның үстіне бұл менің ғана емес, барлық ұжымдағы қызметкерлердің еңбегі. Оны елеп ескерген Президентімізге алғысымызды білдіреміз. Ал, біздің кәсіптегі жаңалықтармен бөліссем. Осы жылы заманауи технологиялармен жаңа зауытты іске қостық. Бұл зауыт бүкіл Еуропа құрлығындағы сертификаттарға сәйкес жұмыс істейді. Біздің мақсатымызда әу бастан осылай болған. Барынша инновациялық бетбұрыс жасап, Сыр бойының күрішін жоғары деңгейге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ішкі өнімді толықтай қамтамасыз етіп, экспортқа шығаруды көздеудеміз, - деді Нұрлан Бектасұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

21 желтоқсан 2023 ж. 460 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 799
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 086

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930