» » 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер қызметкерге өз қаражатынан зейнетақы жарнасын аудара бастайды

1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер қызметкерге өз қаражатынан зейнетақы жарнасын аудара бастайды

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарнасын аудара бастайды. Ол 2024-2028 жылдар аралығында 1,5%-дан 5%-ға дейін кезең-кезеңімен өсуге тиіс. Осылайша зейнетке шыққан кезде бұл жұмыскерлер қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл шара әсіресе жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған. Олардың зейнетақысы аударымына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударым есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы – жұмыс берушілердің жарнасы есебінен құралады.
ЖМЗЖ енгізу, әсіресе, ынтымақты өтілі жоқ (1998 жылға дейін) немесе ынтымақты жүйедегі өтілі аз азаматтар үшін өзекті.
Осылайша әлемдік тәжірибені ескере отырып, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің ортақ жауапкершілігі болады.
Салық кодексіне сәйкес салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғандықтан, тиісінше жұмыс берушінің ЖМЗЖ төлеу шығыны елеусіз деңгейде қалатынын атап өту қажет.
19 желтоқсан 2023 ж. 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 419
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930