» » 12 желтоқсанда қызылордалық оқушылар қашықтан оқиды

12 желтоқсанда қызылордалық оқушылар қашықтан оқиды

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің болжамы бойынша, 12 желтоқсанда Қызылорда облысында жел солтүстіктен 9-14, облыстың орталығында 15-20 м/с екпінмен соғады, ауаның температурасы түнде -20-25 0С, облыстың солтүстігінде -29 0С аяз, күндіз -15-20 0С, облыстың оңтүстігінде -10 0С аяз күтіледі.
Осыған байланысты, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласындағы барлық мектептердің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-11 сынып оқушылары; Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы мектептердің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-9 сынып оқушылары 12 желтоқсан күнгі сабақтарын қашықтан оқыту форматында өтеді (онлайн). Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Пән мұғалімдері күнделікті жұмыс орындарында онлайн сабақ өтетін болады.
Мектепке дейінгі ұйымдар күнделікті штаттық режимде жұмыс істейді. 
Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланатын болады.
 
11 желтоқсан 2023 ж. 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 942
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031