» » Оқушылардың телефон ұстауына тыйым салынуы мүмкін

Оқушылардың телефон ұстауына тыйым салынуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануды шектеу туралы арнайы норма заңға енгізілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған болатын.
Ата-аналардан көп түсетін шағымның бірі оқушылырдың бағалары мен үй тапсырмаларына тегін қол жеткізу мәселесі. Бұл тақырыпта бірнеше депутаттық сауалдар жарияланған болатын. Осыған орай, заң жобасында оқушылардың бағалары мен үй тапсырмалары түралы ақпаратты ата-аналарға тегін беру туралы нақты міндеттер белгіленіп отыр. Ұстаздармен болған кездеулерде түскен тағы бір мәселе оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануы және оны тыю бойынша заңнамада нақты шектеулердің болмауы. Осыған орай, сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануды шектеу туралы аранайы норма да жобаға енгізілді, - деді Аймағамбетов.
Депутат атағандай, заң жобасын қабылдау білім беру саласындағы және жетім балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді
Бұл мәселеге қатысты депутат Ардақ Назаров та пікір білдірді. Ол оқушылардың мектепте телефон қолдануына мүлдем тыйым салу туралы айтты.
Бұл мәселеге қатысты Асхат Аймағамбетов жауап берді.
Біздің ұсынып отырған нормамыз тек сабақ кезінде шектеу туралы. Мектепке телефонды алып келіп үзілісте оны қолдануға шектеу жоқ. Үзілісте қолданам десе, қолданады. Тек сабақ үстінде қолданбауы керек, сабақ кезінде бала тек сабақты оқуы керек. TikTok пен Instagram-да отырып басқа дүниелермен айналысуға нақты шектеулер қойылып отыр. Ал шектеудің ішінде егер мұғалім сабақ жоспары бойынша рұқсат етсе дегенді енгіздік. Неге? Себебі қазір заманауи мұғалімдер бар. Олар сабақта инновациялық технологияларды қолдану үшін смартфонды қолданғылары келсе, онда шектеу жоқ. Ал жалпы мектепте шектеу мәселесі әлі қарастырылған жоқ. Ол қосымша ұяшықтарды, материалдарды қажет етеді. Сондықтан біз бұл мәселені қарастырып отырған жоқпыз, - деді Аймағамбетов.
30 қараша 2023 ж. 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 418

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 494

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930