» » Жеке тұлғалардың көлік салығына қатысты

Жеке тұлғалардың көлік салығына қатысты

qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылатындығы көрсетілген.
Салық кодексінің 490-бабына сәйкес меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
Жеке тұлғалардың салық төлеуі тұрғылықты жері бойынша бюджетке есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 128-бабы 2-тармағына сәйкес жеке тұлға салықтық берешекті өтемеген кезде салық органы осы Кодекстің 115-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен жеке тұлғаға табыс етуге жататын салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін аумақтығы бойынша тиісті әділет органдарына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.
Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 32-бабына сәйкес жеке сот орындаушылар тарапынан жеке тұлғаның берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу туралы салық бұйрықтарында көрсетілген берешек сомаларды мәжбүрлеп орындату мақсатында атқарушылық істерді өз құзіреті шеңберінде барлық шараларды қолданып, яғни берешектері бар жеке тұлғаның банктік есеп-шоттарын бұғаттау, жылжитын және жылжымайтын мүліктерін тәркілеу, шет елге шығуына тыйым салу және т.б. жұмыстарды атқарып, өндірісіндегі соманың 25 пайызы мөлшерінде үстемақы ұстап қалу жұмыстары атқарылады.
Жеке тұлғалар көлік құралының салығын kgd.gov.kz сайтындағы «Электрондық сервистер – Калькуляторлар – Көлік құралдары бойынша есебін» қозғалтқыш көлемін теру арқылы дербес есептей аласыздар.
Есептелінген салық сомасын төлеудің жеңілдетілген түрлері қарастырылған.
Смартфон немесе дербес компьютер арқылы «e-Salyq Azamat» мобилді қосымшасы арқылы төлем жасай аласыздар.
Осыған сәйкес жеке тұлғалардың көлік құралдары салықтарын мерзімінде төлеуге шақырамыз. Түсінбеген немесе басқа да проблемалық сұрақтарыңыз болған жағдайда Жосалы кенті, Абай көшесі, №30 мекенжайында орналасқан Басқарма ғимаратына келуге немесе 2-24-79 телефонына хабарлассаңыздар болады.
Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
28 қараша 2023 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 296

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 393

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930