» » ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді


ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде облыс тұрғындарымен кездесіп, әлемдік деңгейдегі өзекті мәселенің бірі - Арал теңізін сақтап қалу бағытындағы негізгі шаралар туралы сөз қозғады. Одан бөлек, орман шаруашылығындағы жұмыстар, балық экспортын арттыру, жануарлар дүниесін қорғау, тұрмыстық қалдықтарды реттеу жайында айтылды. Жиыннан соң министр тұрғындардың мәселелеріне байланысты жеке қабылдау өткізді.

Одан әрі Ерлан Нұралыұлы БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізіп, Қызылорда облысындағы жұмыс сапары туралы толығырақ баяндап берді.

-Бүгінгі халықпен кездесуде баршамызды толғандырған экологиялық мәселелер жан-жақты талқыланды. Әсіресе қатты тұрмыстық қалдықтар мен «Байқоңыр» аумағындағы құрылыс қалдықтары экологияға едәуір зиян тигізуде. Осыған байланысты мемлекетаралық комиссия отырысында «2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы» әзірленген. Бүгінде осы жоба шеңберінде 12 мың текше метрден астам қалдық жойылды. Алдағы уақытта Қызылорда облысы әкімдігімен бірлесіп, ауқымды инвестициялық жоба әзірленетін болады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Аралдың құрғаған табанындағы 1 млн 100 гектар жерді көгалдандыру жоспарлануда. Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылы балық шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданған еді. Осы бағдарлама бойынша балықты қолдан өсіруге арнайы субсидия қарастырылған. Бұл жұмыстардың нақты орындалуы министрліктің тікелей бақылауында, - деді.

Өз кезегінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, сапарын қорытындылады.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

18 қараша 2023 ж. 346 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930