» » Еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Синоптиктер 13 қарашада еліміздің бірқатар қаласында қолайсыз ауа райы күтілетінін ескертті. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ресми сайты хабарлайды.
Метеорологтардың мәліметінше, 13 қарашада түнде Ұлытау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында және Жезқазған қаласында тұман түсуі ықтимал.
Ертең Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында және Қарағанды қаласында көктайғақ, сондай-ақ облыстың солтүстігінде, батысында тұман болады. Синоптиктер 13-15 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында және Тараз қаласында тұман болады деп болжады.
Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с. 13 қарашада Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
13 қарашада түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар жауады деп күтілуде. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түсуі ықтимал. Батыстан соққн жел екпіні 15-20 м/с.
Дүйсенбіде Алматы, Қонаев қаласында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.
12 қараша 2023 ж. 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 369
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728