» » Ажырасу тәртібі

Ажырасу тәртібі

Фото
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі некені тоқтату тәртібін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт болып табылады.
Қандай жағдайларда ажырасуға болады?
Кодекстің 16-бабына сәйкес некені бұзу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
  • ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша;
  • сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының (зайыбының) қорғаншысының өтініші бойынша.
Сонымен қатар, Кодекстің 16-бабының 2-бөлігіне сәйкес ерлі-зайыптының келісімінсіз оның жүктілігі кезеңінде, сондай-ақ баланың өмірінің бірінші жылы ішінде некені бұзу мүмкін емес.
Некені бұзу үшін қайда жүгінуге болады?
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде – болатын жеріндегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде жүргізіледі немесе сот арқылы.
Осы жолдардың әрқайсысында өз шарттары бар және біз олар туралы толығырақ айтамыз.
АХАЖ арқылы ажырасу тәртібі
АХАЖ-ға кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасуға келіскенде, және олардың өзара, соның ішінде мүлікке қатысты, талаптары болмаған жағдайда жүгінуге болады.
Бұл ретте, кәмелетке толмаған балалардың болуына немесе болмауына қарамастан, егер ерлі-зайыптылардың бірін сот хабар-ошарсыз кетті деп таныса, әрекет қабілеті шектеулі не әрекетке қабілетсіз деп таныса, сондай-ақ егер қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен сотталған болса АХАЖ-да некені бұзуға болады.
Сот арқылы ажырасу тәртібі
Некені сот арқылы бұзу:
ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болса;
ерлі-зайыптылардың біреуі некені бұзуға келіспеген жағдайда;
егер ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасудан қашса;
егер ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік немесе өзге де талаптары бар болса жүргізіледі.
Кәмелетке толмаған балалар болған және өзара мүліктік талаптар болмаған жағдайда, сот себептерін анықтаусыз некені бұза алады.
Сот арқылы - сот шешімі бойынша некені бұзуды тіркеу кезінде:
Ажырасқаннан кейін сотта сізге куәлікті алу үшін АХАЖ-қа жүгінудің қажеті жоқ, өйткені тіркеу процедурасы автоматтандырылған және Жоғарғы Соттан ақпараттар автоматты түрде Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіне жіберіледі және оны бұзғаны туралы белгі неке жазбасына қойылады.
Құжаттар сотқа жауапкердің тұрғылықты жері бойынша немесе, егер тұрғылықты жері белгісіз болса, оның мүлкінің орналасқан жері бойынша беріледі. Сотқа некені бұзу туралы талап арыз берген кезде өтініш берушіден 0,3 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Некені бұзу кезінде мүлік бөлінген жағдайда баж талап арыз сомасының 1%-ын құрайды.
Ажырасу кезінде тегін сақтау немесе өзгерту
Кодекстің 243-бабына сәйкес, неке (ерлі-зайыптылық) жасасқан кезде өз тегін өзгерткен жұбай некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініште некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде ортақ текті сақтау керек пе немесе осы текті некеге дейінгі күйге ауыстыру керек екенін көрсетуі керек.
Сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі негізінде тегі өзгерген кезде азамат бір ай ішінде жеке басын куәландыратын құжаттарды алмастыруға міндетті.
Өзгертілген тегіне жеке куәлікті уәкілетті мемлекеттік орган ажырасу  туралы сот шешімі негізінде береді.
Сотта некені бұзу ерлі-зайыптылар сотқа некені бұзу туралы арыз берген күннен бастап бір ай өткен соң жүзеге асырылады. Ерекше жағдайларда сот некені осы мерзім аяқталғанға дейін бұзуға құқылы.
Егер ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасуға келіспесе, сот оларға алты ай ішінде татуласу мерзімін белгілей отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы. Егер бұл шаралар тиімсіз болса, неке бұзылады.
Ажырасу туралы куәлік тіркеуші органмен ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некені бұзуды мемлекеттік тіркеген жерде беріледі, яғни. АХАЖ бөлімі.
                                                                                Қармақшы аудандық соты
31 қазан 2023 ж. 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (10335)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (10334)

30 тамыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 368

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30