» » Қарқын алған құс шаруашылығы

Қарқын алған құс шаруашылығы

qarmaqshy-tany.kz Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан бері 30 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері көп. Қай саланы алып қарасақ та өсім мен алға жылжуды көреміз. Солардың ішінде ауыл шаруашылығы саласын ерекше айтуға балды. Әсіресе құс шаруашылығы жедел қарқынмен дамып келеді.
Құс шаруашылығы — ең рентабельді, тиімді және өзін тез ақтайтын мал шаруашылығы саласының бірі. Қазақстанда құс шаруашылығының қалыптасуы мен дамуының үлкен тарихы бар. 1990-жылдардың соңында елімізде 70 етті және жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалар тоқтаусыз жұмыс істеген. Жыл сайын бұл кәсіпорындар мыңдаған дана жұмыртқа мен құс етін өндіріп отырған. Кейін өндірістік өнімдердің бағасының төмендеуі және тағы басқа бірқатар оқиғалардан кейін құс шаруашылық кәсіпорындарының жұмысы тоқтады. Осыдан кейін Қазақстан нарығында құс өнімдерінің 50 пайызы сырттан тасымалданды. Бұл еліміздегі өндіріс көлемінің төмендеуіне әкеліп соғуына бірден-бір себеп болса, екіншіден импортқа деген тәуелділікті арттырды.
Уақыт өте құс өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпкерлерге мемлекеттен берілетін қолдау көбейтілді. Мемлекет тарапынан берілетін субсидия құс еті мен жұмыртқа өндіру ісінің дамуына елеулі үлес қосты. Ел алдына қойған мақсат – импортқа тәуелділікті барынша қысқартып, отандық өнімдерге деген сұранысты арттыру.
Елімізде құс шаруашылығын дамытып отырған ірі кәсіпорындардың бірі – «Шымкент құс» фабрикасы. Бұл кәсіпорын Шымкент қаласындағы бройлерлік бағытта және халықты сапалы табиғи өніммен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір құс фабрикасы. Сағатына 2 мың құс, жылына 2 мың тонна бройлер етін шығаратын цех Ресейдің озық технологиясымен жабдықталған. Сонымен қатар жұмыртқа жинау және сорттау процестері автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейтін фабрикада жалпы 300- ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Сыр аймағында да құс шаруашылығы бірнеше жыл бұрын шатқаяқтап, алға баспай қалған. Себебі, құс шаруашылығын субсидиялау шарттарына еліміздегі ең ірі компаниялар ғана сай келіп, олардың қатарына облысымыз енбепті. Мәселен, шаруашылық жылына 20 миллион жұмыртқа өндіргенде ғана әр данасына 1 теңгеден субсидия берілген. Осыдан үш жыл бұрын аймағымыздағы ең көп өнім өндіретін кәсіпорын – «Шиелі құс» шаруашылығы нарыққа 7 миллион жұмыртқа шығарған.
Осы құс шаруашылығын дамытуда ауданға қарасты Ақтөбе ауылында да жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы салынып, биыл іске қосу жоспарланған. Жақында «Қармақшы құс» ЖШС-нің алғашқы балапандары шықты. Түркия мемлекетінен инкубациялық жұмыртқалар әкелініп, 57 мың 361 дана жұмыртқа инкубаторларға орналастырылған. Қазір жұмыртқадан 21 күнде 53 мың балапан жарып шығып отыр.
– «Қармақшы құс» шаруашылығының негізгі бағыты бройлер балапандарын өсіру және құс етін өндіру. Қазір барлығы 115 мың жұмыртқа инкубаторда тұр. Жақында 53 мың балапан қоректік цехқа орналастырылды. Ішінде балапанның өсіп жетілуіне қарай ауа тұрақтылығы, температурасы қойылып, қорегі, витаминдері беріліп жатыр. Арнайы жұмыртқаны тасымалдайтын көлікті де алдырттық. Балапандар жұмыртқадан 21 күнде толық жарып шықты. Салмағы 1 келі болғанда союға жіберіледі. Бұйырса қараша айының 12-сінде алғашқы союға жіберуді жоспарлап отырмыз, – дейді шаруашылық төрағасы Нұрлан Іздібаев.
Қазір құс шаруашылығында 40-қа жуық адам алғашқы 3 айлық сынақ бойынша жұмысқа қабылданған. Оның ішінде Петропавл, Астана, Шымкенттен білікті мамандар тартылған. Сонымен қатар ауылдан да тұрғындар жұмыс істеуде. Алдағы уақытта құс фабрикасының сандықавтоматтандырылған басқару жүйесі толықтай іске қосылғанда 120-ға жуық адам жұмыспен қамтылмақ.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
23 қазан 2023 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 302

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 399

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930