Құрылтай
» » 21 жасқа толмаған жастарға несие берілмеуі мүмкін

21 жасқа толмаған жастарға несие берілмеуі мүмкін

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова 21 жасқа толмаған азаматтарға несие беруді шектеу туралы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Агенттік 90 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар азаматтарға кепілсіз тұтынушылық несие беруге тыйым салуды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірледі», деді Мәдина Әбілқасымова парламенттік тыңдауда.
Оның айтуынша, енді мұндай шектеу кірісі ең төменгі жалақыдан төмен қарыз алушыларға ғана қатысты.
«Сонымен қатар жастар арасындағы қарыздың өсуіне байланысты 21 жасқа толмаған азаматтарға несие беру тек ресми кірісі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады деген талапты енгізу ұсынылды», деп қосты М. Әбілқасымова.
20 қазан 2023 ж. 642 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 637
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 096

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31