» » «Ұлттық қор – балаларға»: Бала қайтыс болса, жиналған қаражат мұраға беріле ме

«Ұлттық қор – балаларға»: Бала қайтыс болса, жиналған қаражат мұраға беріле ме

Бала 18 жасқа толғанға дейін қайтыс болған жағдайда Ұлттық қордың табысынан аударылған жинағы ата-анасына беріледі не бауырлары арасында бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Kazinform. 
Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрден: «Егер бала 18 жасқа толғанға дейін қаза тапса, онда оның қаражаты ата-анасына не бауырларына мұраға беріле ме?» деп сұраған еді.
Министрдің атап өтуінше, бастапқыда мұндай жағдайда жинақталған қаражатты Ұлттық қорда қалдыру жоспарланған.
«Бастапқыда біз әзірлеген тұжырымдамада қаражатты Ұлттық қорға қайтару туралы норма болған еді. Дегенмен кейіннен біз ақша ата-анасында қалады немесе өзге балаларының арасында бөлінеді деп шештік», - деді Әлібек Қуантыров.
Сонымен қатар ол Ұлттық қорда жинақталатын қаржыны бала 18 жасқа толғаннан кейін қалай пайдалана алатынын айтты.
«Бұл баланың ақшасы және ол кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оны үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға жұмсай алады», - деді министр.
18 қазан 2023 ж. 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930