» » «Ұлттық қор – балаларға»: 18 жасқа толған соң ақша қалай беріледі?

«Ұлттық қор – балаларға»: 18 жасқа толған соң ақша қалай беріледі?

Өскелең ұрпақ үшін ұлттық байлықты біркелкі бөлу мақсатында құрылған Ұлттық қор қаржысының енді бір бөлігі балаларға арнап жиналмақ. Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосудың негізгі тәсілдерін әзірледі. Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінеді.
Инвестициялық табыстың ық­ти­мал теріс мәндерін жекелеген уа­қыт аралықтарында нивелирлеу мақ­сатында инвестициялық табыс мөл­шерлемесін есепті кезеңге өткен 18 жылдағы орташа жылдық мән негі­зін­де айқындау жоспарланып отыр. 18 ­жасқа дейінгі бала үшін болжамды жи­нақ сомасы шамамен 3,5 мың долларды құрауы мүмкін. Бұл сома капитал нарығының құбылмалылығын ескере отырып, тарихи деректер негізінде есептелген және әлемдік экономиканың конъюнктурасына байланысты түзетілуі мүмкін.
Жоба былай жүзеге асырылады:
  1. Шоттар «БЖЗҚ» АҚ-да (екінші дең­гейдегі банктерге жүгіну талап етіл­мейді) Әділет министрлігінің жеке­ тұлғаларының дерекқоры негі­зін­де автоматты түрде ашылады.
  2. Жыл сайын қаңтар айында­ жо­баға қатысқан сәттен бастап 18 жас­қа толғанға дейін «БЖЗҚ» АҚ-дағы­ балалардың шоттарына шарт­ты түрде қаражат есептеледі. Мыса­лы, егер жоба басталған кезде бала­ 5 жаста болса, оған жыл сайын­ 13 жыл ішінде, яғни кәмелетке тол­­ғанға дейін Ұлттық қордың инвес­ти­­циялық табысының бір бөлігі есеп­теледі.
  3. Жобаға Қазақстан азаматтары болып­ саналатын балалар қатысады.
  4. Егер 18 жасқа дейінгі бала елден­ кетіп, Қазақстан азаматтығын өз­герт­се, онда төлемдерге талап қою құ­қығы жоғалады. Қаражат барлық бала­ арасында қайта бөлінеді. Бала ел­ден 18 жасқа дейін азаматтығы ауыс­­пай кеткен жағдайда төлемдерге та­лап қою құқығы сақталады.
  5. Шот қаражатын салық салудан бо­сату ұсынылады. 18 жасқа толған кез­де шоттардан қаражат төлеуді АҚШ долларымен жүзеге асыру ұсы­нылады. Іс жүзінде 18 жасқа тол­ғанға дейін ақша Ұлттық қорда қа­лады және қаржы құралдарына ин­вестицияланады.
  6. 18 жасқа толған кезде қа­ра­­жат баланың меншігі болады, ол­­ қаражатты қалай пайдалану ке­рек­ті­гін өз бетінше шешуі керек (білім алу­ға немесе тұрғын үй жағдайын жа­қ­сартуға). Бұл ретте шетелдік оқу­ орнында оқу ақысын төлеуге қара­жат­ты пайдалануды шектемеу жоспар­ланып отыр.
Өз кезегінде тұрғын үй жағдай­ла­рын­ жақсарту немесе тұрғын үй сатып­ алу үшін қаражатты пайдалануға тек­ Қазақстан аумағында ғана рұқ­сат­ етіледі. Осы қаражатқа сатып алын­ған­ тұрғын үйді қайта сату бойынша шек­теулер көзделмейді.
  1. Қаражатты мақсатты пайдала­ну­ үшін «БЖЗҚ» АҚ өзара іс-қи­мыл­ жасайтын уәкілетті оператор­лар­ды («Отбасы банк» АҚ, екінші дең­­гейдегі банктер) анықтау ұсы­ны­лады.
  2. 18 жасқа толғанда шоттағы қара­жат 5-10 жыл бойы сақталады. Та­лап­ етілмеген жағдайда 5-10 жыл ішін­­де шоттағы қаражатты зейнетақы шо­тына аудару ұсынылады.
  3. Сондай-ақ азаматтық заңнамаға сәй­кес іс жүзінде жинақталған қара­жат­ты мұрагерлік бойынша беру мүм­кіндігі көзделеді.
  4. Бала әрекетке қабілетсіз бол­­ған жағдайда, ата-аналарға (заң­ды­ өкілдерге) ҚР заңнамасында бел­гіленген тәртіппен қаражатты пай­да­ла­нуға құқық беру жоспарланып отыр.
«Тұтастай алғанда, ұсынылған ал­го­ритм бойынша жобаны іске қосу үшін­ заңнамаға өзгерістерді қоса ал­ған­да, дайындық жұмыстарын жүр­гізу қажет болады. Осы жылы Қа­­зақстан Республикасының заң­на­масына және тиісті нормативтік құ­қық­тық актілерге түзетулер қабыл­дау­ жоспарлануда. Жобаны іске қо­су­ тестілеуі тиісті платформалар­да­ (қосымшалар, БЖЗҚ сайты)­ өткізіледі», делінген Қаржы министрлігінің хабарламасында.
egemen.kz
05 сәуір 2023 ж. 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 267

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 366

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930