» » Қызылордалық ағалы-інілі бауырлар «Шахмат керуенінің» финалисі атанды

Қызылордалық ағалы-інілі бауырлар «Шахмат керуенінің» финалисі атанды

Екі ай ішінде елдің 18 аймағын аралап шығатын республикалық «Шахмат керуені» жобасы 14 қазан күні Сыр өңірінің үздіктерін анықтады. Алаңда орнатылған киіз үйде швейцарлық жүйе бойынша 11 кезеңнен тұратын блиц турнирі болып, 20 адамның ішінен үш жеңімпаз гранд-финалға жолдама алды. Олар:
І орын – Ернұр Ержанұлы;
ІІ орын – Әділет Ерсерік;
ІІІ орын – Нұрсәт Оспан.
Ең қызығы, І және ІІІ орын жеңімпаздары бір үйдің балалары болса, екінші орын иеленген жүлдегер – осы жеңімпаздардың жаттықтырушысы.
Турнирде 11-ден 10 ұпай жинап, І орын иеленгеноблыс чемпионы Ернұр Ержанұлы №264 мектепте 5 сыныпта оқиды. Ол жақында ғана Азиядан ІІІ орын жеңіп қайтыпты. Ал 8 ұпаймен ІІІ орынға табан тіреген 14 жасар Нұрсәт Оспан –  Ернұрдың туған ағасы.
«Мен кішкентай кезімнен есеп шығарғанды жақсы көретінмін. Соны байқаған анам мені 6 жасымда шахмат клубына алып барды. Төрт жарым жылдан бері шахматпен айналысып келемін.Бүгінгі ойын оңай болған жоқ. Сонда да турнир бізге күшті тәжірибе берді. Енді Түркістанда өтетін финалда үздік бестікке ілінсем деймін. Ең үлкен арманым – Қазақстан чемпионы болу.Болашақта атақты шахматшы, тренер болғым келеді», – дейді 10 жасар финалист.
Ернұр шахматпен 6 жасынан айналысса, кейін оған ағасы Нұрсәт қосылыпты. Екі перзентін де шахмат додасына қатыстырып, олардың үздік жетістігіне куә болған жеңімпаздардың әкесі облыстық кезеңге үлкен дайындықпен келгенін айтты.
«Екі баламның нәтижесі көңіл қуантарлық. 10 жасар балам бірінші, 14 жастағы балам үшінші орын жеңіп алды. Біз бұл жарысқа жақсылап дайындалдық. Өйткені турнирге түрлі жастағы ойыншылар, тіпті ақсақалдар да қатысып жатыр. Бұл турнир басқа да жарыстармен қатар келіп тұр. Сондықтан жаттықтырушысымен ақылдасып, шешім қабылдаймыз»,– дейді жеңімпаздардың әкесі Ержан Оспан.

Қос финалистің жаттықтырушысы Әділет Ерсерік те шәкірттерімен бірге Түркістандағы бас турнирде бақ сынамақ. Бес жасынан бастап шахматты серік еткен Әділет 18 жасынан бері тренерлікпен шұғылданып келеді екен.
«Түрлі шахмат сайыстарында жүлдегер атанып, Алматыда өткен халықаралық турнирде ІІ орын иеленгем. «Ұстаздан шәкірт озар» дегендей, Ернұрым өзімді басып озып, қуанып жатырмын. Ол жақында ғана Азияда рапидтен үшінші орын алып келіп еді. Алғашқы кездері өзімді оларға әдейі ұтқызатын едім, қазір шындап ойнасам да ұтылып қалатын жағдайға жеттім. Бұл әрбір ұстаздың арманы деп ойлаймын», – дейді жартылай финал үздіктерінің тренері.

Айта кетсек, гранд-финал10 қарашакүні Түркістан қаласында өтеді. Онда әр облыстан оза шапқан 60 ойыншы арасындағы біржеңімпаз 5 миллион теңгені өз қанжығасына байлайды. Ал керуеннің жалпы жүлде қоры 16 миллион теңгені құрайды.Қазақстан шахмат федерациясының аймақтардағы интеллектуалды спорт түрін дамыту үшін қолға алған жобасына Freedom Broker компаниясы бас демеушілік жасап отыр.
14 қазан 2023 ж. 389 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031