» » Үш дүркін әлем чемпионы Әсел Серікбай: Сыр өңірінің шахматшыларымен сеанс өткізді

Үш дүркін әлем чемпионы Әсел Серікбай: Сыр өңірінің шахматшыларымен сеанс өткізді

Еліміздің барлық аймағын аралап, турнир өткізіп жүрген «Шахмат керуені» Қызылорда қаласына ат басын бұрды. Керуеннің келуіне орай орталық алаңда болған салтанатты шара облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің құттықтау сөзімен басталды.
«Алты Алашқа ана болған Сыр өңіріне «Шахмат керуені» келіп жатыр. Бұл – біз үшін маңызды оқиға. Өйткені облысымызда шахматтан үлкен жетістіктерге жетіп жүрген спортшыларымыз баршылық. Олардың қатарында 12 дүркін Қазақстан чемпионы, үш дүркін әлем, жеті дүркін Азия чемпионы, облыс тарихындағы тұңғыш ФИДЕ шебері Әсел Серікбай мен тоғыз дүркін Қазақстан чемпионы, оқушылар арасында әлем, Азия чемпионы Назерке Нұрғали сияқты мақтаныштарымыз бар. Әлі де ортамыздан болашақ гроссмейстерлер шығатынына сенімдімін», – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.
Әкім орынбасарының айтуынша, бүгінде облыста 14 175 адам, оның ішінде 7 189 ауыл тұрғыны шахматпен айналысса, өңірдегі жас зияткерлерге 365 жаттықтырушы сабақ береді.

Шара кезінде шахмат федерациясының облыстық филиалы ашылып, оның төрағалығына жеке кәсіпкер Асқар Махамбетов тағайындалды. Федерацияның вице-президенті Марат Есенов аймақтағы филиалдың ашылуы шахмат спортындағы жетістіктерді көбейтуге мүмкіндік беретіндігін жеткізді.
«Қазірдің өзінде жүзеге асып жатқан көптеген бастама бар. «Мектептегі шахмат» пилоттық жобасы аясында Қызылорда облысындағы 5 мектептің оқушылары интеллектуалды ойынмен кәсіби түрде шұғылданып жатыр», – деді вице-президент.

Алаңда тігілген мобильді киіз үйде швейцарлық жүйе бойынша 11 кезеңнен тұратын блицтен турнир болып, 20 адамның ішінен үш жеңімпаз гранд-финалға жолдама алды. Олар:
І орын – Ернұр Ержанұлы (11ұпайдан 10);
ІІ орын – Әділет Ерсерік (9 ұпай);
ІІІ орын – Нұрсәт Оспан (8 ұпай).
14 қазан 2023 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 586

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30